Атамбаевтың Кой-Таштағы үйіне арнайы жасақ келді
Қырғызстанның бұрынғы президені Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне 7 тамызда арнайы жасақ келді.
Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеев әлеуметтік желіде тікелей трансляция таратып жатыр. Видеода Атамбаев үйінің маңында маска және арнайы жасақтың формасын киген қарулы адамдар көрінде. Видеодан мылтықтың дауысы да естілді.
Айтикеев кем дегенде екі адамның жараланғанын айтты.
Алмазбек Атамбаевты бірнеше рет тергеуге шақырған Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұл жайтқа байланысты пікір білдірмеді.
ІІМ тергеу қызметі Атамбаевты үш рет тергеуге шақырған. Экс-президенттің адвокаты Сергей Слесарев тергеу сұрақтарына Атамбаев жазбаша хат арқылы жауап беруге дайын екенін айтқан. Бірақ тергеушілер оны қабылдамады. Министрлік Атамбаевты сотталушы Азиз Батукаевты заңсыз босату іске куәгер ретінде шақырған.
Жаңалық толықтырылады