Bееline, Tele2 және Kcell-ді қауіпсіздік сертификаты үшін сотқа берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Заңгерлер Bееline, Tele2/Altel және Kcell операторларын сотқа бермек, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

оператор

Олар қазақстандық төрт операторларынан қауіпсіздік сертификатын орнату туралы дамылсыз келген SMS-тен кейін осындай шешімге келіпті.

«Біз осы мәселені анықтау үшін сотқа жүгінуге шештік. Қауіпсіздік сертификатын орнатпағанымыз үшін интернетті ажыратуына тыйым саламыз», – дейді  заңгер Станислав Лопатин.

Оның айтуынша, сот Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында өтеді. Сондай-ақ, «Қазақтелекомнан» сертификат туралы хабарлама түспегендіктен оны сотқа бермейтінін жеткізді. 

Altel және Tele2 PR компаниясының директоры Олжас Бибанов заңгердің бұл іс-әрекетіне қатысты жауап берді. Ол бұл сұрақ бойныша, ешкімнен шағым түспегенін айтты.

«Олар тікелей бізге байланысқа шықпады, бірден сотқа жүгінген. Мұндай шағым популистік сипатқа келеді. Заңгерлер өзін көпшілікке таныту мақсатында осындай нәрселерді қолданатын сияқты», – дейді Бибанов.

Мобильдік операторлардың жетекшісі қауіпсіздік сертификатын орнатуды абоненттерге хабарлау, мемлекеттік органдарға тиесілі екенін атап өтті. Ол бұл мәселені заңгермен сотта шешетіндерін мәлімдеді. 

«Осы арқылы танылуға ұмтылған екен, онда хайп жасай алады», – дейді Бибанов.

stan.kz