Әсет Исекешев тың деректермен бөлісті
Қысқа сілтеме алу
«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан шетелге жымқыру фактісі анықталғанға дейін қашып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. «Астана LRT» ЖШС-ның экс-басшысы Талғат Ардан жасаған заң бұзушылықтарға қатысты материалдар полицияға 2017 жылы берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі, Қазақстанның тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев мәлімдеді.
Талғат Ардан «Астана LRT» ЖШС басшысы қызметінен 2017 жылы шілде айының соңында босатылған болатын.
«Біз оны қызметінен босатқанда, бірқатар материалды сол кезде-ақ құқық қорғау органдарына жолдаған едік», — деді елорданың бұрынғы әкімі.
«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы шетелге компаниядағы жымқыру фактілері анықталғанға дейін қашып кеткен. Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген Талғат Арданға қатысты тергеу 2018 жылдың жазында бір-ақ басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері төрт жыл бұрын «Астана LRT» бюджет қаражатынан мердігер ұйымдардың біріне 300 миллион теңгеден астам ақша аударылғанын хабарлады. Сол кезде лимиттен 125 миллион теңге артық аударылғаны анықталды.
Тағы оқыңыз: Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Қазір Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Ол елордадағы жеңіл рельсті көліктің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.
sputniknews.kz