Қазақстанда валюта айырбастау қиындай түседі

0

Валюта айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектеледі. Сондай-ақ, бұл операцияны жасау үшін құжат көрсету керек болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Валюта айырбастау пунктерін сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ұлттық банк осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

«ҚР қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасының қаулысының жобасына жарияланды.

«Айырбастау пунктінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға белгілейді. Пункт 10:00-ден 19:00-ге дейінгі шекте жұмыс істеуі керек», — деп жазылған қаулы жобасының 33-2 тармағында.

Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Құжаттың 51-тармағында сол журналда қандай мәлімет жазылатыны көрсетілген. Олар: клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі.

Құжат 2019 жылдың 16 тамызына дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.



sputniknews.kz