Қазақстан командасы «Танк биатлоны» жарысында жеңіске жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстандық әскерилерге Моңғолия, Сирия және Венесуэла командалары бәсекелес болды

АЛМАТЫ, 6 тамыз — Sputnik. Халықаралық армия ойындары – 2019 аясында қазақстандық танкистер биатлоннан жеңімпаз атанлы. Олар мәре сызығын 22 минут 16 секундта кесіп өтіп, Моңғолия, Сирия және Венесуэла командаларынан озды.


©
Photo : пресс-служба Минобороны РК

«Танк биатлоны» жеңімпаздары — қазақстандық әскерилер

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, «Танк биатлоны» сайысының жеке жарысында жылдамдық қана емес, зеңбірек, зенит пулеметі және қосарланған пулеметпен атудағы асқан мергендік керек. Команданың айыппұл шеңберіне өтуі нысананы дәл көздеп атуына байланысты болды.

«Әскерилер танк басқарудағы шеберліктерін кедергілерден өту кезінде көрсетті. Өткел, қорған, қия беткей, эскарп және танкіге қарсы ор жарысты қиындатты. Біздің экипаж осы сынақтан сүрінбей өтті», — делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

«Танк биатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде Қазақстанның намысын қорғайтын үш танк экипажы бір жауынгерлік көлікке кезек-кезек мініп, бірігіп жұмыс істеу қабілетін көрсетеді. Сайыстың финалына үздік төрт экипаж шығады.

Тағы оқыңыз: «Танк биатлонына» алғаш рет қыздар қатысты — видео

Былтыр «Танк биатлоны» сайысында Қазақстан Ресей, Қытай және Беларусь командаларынан кейін төртінші орын алған.



sputniknews.kz


Тегтер:Qazaqstan