Дағыстанда азапталған азаматқа мемлекет өтемақы төлейді

0

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасында сот Махачкала тұрғыны Сұлтан Ибрагимовке келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде оның пайдасына мемлекеттен 800 мың рубль (12,1 мың доллар) өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Махачкала соты өтемақы туралы шешімді 16 маусымда шығарғаны туралы 5 тамызда белгілі болды. Сұлтан Ибрагимовтың сот ісінде жеңіске жеткенін «Медиазона» сайтына «Мемориал» құқық қорғау орталығының қызметкері Юлия Орлова айтқан.

Сұлтан Ибрагимов грек-рим күресінен жаттықтырушы Әлисұлтан Омаров пен «Садвал» лезгин қозғалысы жетекшісі Назим Гадижевті өлтіру туралы қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп, бір жарым жыл тергеу абақтысында қамауда болған. Тергеушілер оны «қылмыс жасағанын мойындату» үшін азаптап, қинаған.

2017 жылы қазанда алқабилер соты Ибрагимовті кінәсіз деп таныған деп хабарлайды «Медиазона» басылымы.

Azattyq