Ақтау дәмханасында атыс болды: екі адам жарақат алған

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дәмханада отырған жігіттер арасында кикілжің туындаған

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтауда сөзге келіп қалған жігіттер атыс шығарды, деп хабарлайды lada.kz порталы.

Оқиға алтыншы шағын аудандағы дәмханалардың бірінде болыпты. Оқ тиген екі адам Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген. Күдікті қамауға алынды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Тағы оқыңыз: Техастағы қырғын: қарулы қанішер 20 адамды атып тастады

Зардап шегішулердің айтуынша, жігіттер сөзге келіп қалып, соңы атысқа ұласыпты.

«1993 жылы туған ер адамның табанына, ал 1992 жылы туған жігіттің сол жақ аяғына оқ тиген. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынған.

Облыстық полиция департаменті тіркелген оқиғабойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалд арын қолға алған.

Тағы оқыңыз: Бүтін бір отбасыны атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыстың мән-жайы

Күдіктінің айыбы дәлелденсе, оған 5 мың АЕК (12 миллион 625 мың теңге) айыппұл салынуы немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, я болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz


Тегтер:атысАқтау