«Азаматтар үшін үкіметке» өз идеяңызды ұсыныңыз!
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт жоспарының 100-қадамында Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» құруды тапсырды.
2016 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының үкіметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру туралы қаулы қабылдады. Сол жылдың 7 сәуірінде мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Ол Астана қаласындағы Әділет департаментінде тіркелді. Акционерлік қоғамның 70 филиалы мен 1 өкілдігі бар. 2017 жылы директорлар кеңесінде мемлекеттік корпорацияның аппаратына Жер кадастры, «Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы, «Мемлекеттік қызмет көрсету» дирекциясы, сондай-ақ «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы кірді. Сөйтіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналды.
Осы жылдың қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясында «Краудсорсинг» жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты – барлық азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жақсартуына ат салысуға шақыру. Яғни, азаматтар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. Тіпті, үздік идея иелеріне сыйлықтар да беріледі. Өз пікіріңізді қалдыру үшін www.gov4c.info сайтына өту керек. Идея ұсынбасаңыз, басқалардың пікірін оқып, жақсы идеяға өз даусыңызды бере аласыз.
Осы жылдың қазан айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы CISCO компаниясымен бірге мемлекеттік қызметтерді қашықтықта онлайн тәртіпте ұсыну жобасын жасады. Енді 20 мемлекеттік қызметті видеобайланыс арқылы алуға болады.
Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтерді алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді.
Мына қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады:
1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру;
2. Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру;
3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәлімет беру;
4. МГОВ-та тіркелу;
5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
6. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару (ЭЦҚ растау);
8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
9. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру;
10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
12. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
13. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру;
14. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру;
15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру;
16. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
17. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
18. ЭЦҚ алуға өтінім беру.
Бір жыл ішінде мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы 544 753 қызмет көрсетті. Мемлекеттегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізілген ақпараттық жүйелердің себебінен қызмет көрсету уақыты мен құжаттар саны біраз азайды. Сонымен қатар, электрондық және мобильді үкіметті жақсы меңгерген азамат өзіне-өзі еркін қызмет ете алады.