Алматы орталығындағы көп қабатты үй өртке оранды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тұрғындар ғимараттан көшірілді. Өрттің шығуына жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болған

АЛМАТЫ, 2 тамыз  — Sputnik. Алматыда көп қабатты үйдің шатыры өртенді. Адамдарды эвакуациялап, өртті ауыздықтауға жарты сағаттай уақыт жұмсалды.

Назарбаев даңғылындағы 43-ші үйде сағат 12:00 шамасында өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабар түскен соң өрт сөндірушілер бірден мекен-жайға жеткен.

Аз уақыт ішінде оқиға бақылауға алынып, жарты сағаттан соң өрт толықтай сөндірілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Үйден 30 адам көшірілген.

Тағы оқыңыз: Елордалық таңдаулы тұрғын үй өрттен кейін қандай күйге түсті?

Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің сақтамалмауы өртке себеп болған. Битумды қыздыру үшін ашық от қолданылған. Мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



sputniknews.kz