Азаттық тілшісін әлдекімдер аңдып, үйіне кірмек болған
Қарағанды облысынан хабар тарататын Азаттық тілшісі Елена Вебердің сөзінше, 30 шілде күні журналистің Теміртаудағы үйіне өзін Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкерімен деп таныстырып, «Жұлдыз Жубасбаева» деген атқа ұқсас жазуы бар қызметтік куәлігін көрсеткен әйел кірмек болған. Вебердің айтуынша, үйге келген азамат журналистің жеке басы мен отбасына қатысты деректерді сұраған.