Сот Трампты айыптаған демократтар шағымын кері қайтарды
Сейсенбі, 30 шілдеде Нью-Йорк соты Дональд Трамптың сайлауалды штабына байланысты демократтар түсірген шағымды кері қайтарды. Онда демократтар 2016 жылы Трамп штабы президент сайлауының қорытындысына ықпал ету мақсатында Кремль мен WikiLeaks-пен сөз байласты делінген.
Округтік судья Джон Келтл егемендік иммунитет деп аталатын құқықтық доктринаға байланысты Ресейге қарсы шағымды қабылдай алмайтынын айтқан. Бұл доктрина кез келген шетел үкіметінің АҚШ-та сотқа тартылмауын қадағалайды. Судья өзге елдің «қастық әрекетіне» санкциямен «жауап берілетінін», бұл тәсілді АҚШ билігінің қолданып отырғанын атап өткен.
Сот шешімінде электронды пошталарды бұзып, ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін WikiLeaks пен Трамп штабын жауапқа тарту — сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына қайшы екені көрсетілген.
Ресейлік хакерлер сайлауалды компаниясы кезінде Демократиялық ұлттық комитеттің компютерлік жүйесін бұзып, партия мүшелерінің хаттарын WikiLeaks жария еткен.
Сот шешіміне байланысты Twitter-де пікір білдірген президент Трамп «Кремльмен сөз байласу» туралы айыптан толық құтылғанын жазды.