Қытайда 18 жастағы жігіт жазықсыз өлім жазасына кесілгені анықталды
Қысқа сілтеме алу
Билік жас жігіттің сотқа қатысқан ата-анасынан кешірім сұрап, 330 мың доллар көлемінде өтемақы төледі
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Қытайда Хух-Хото қаласы сотының шешімімен бірнеше адамды өлтірген қылмыскерге өлім жазасы орындалды, бұған дейін бұл қылмыс үшін жазықсыз жігіт өлім жазасына кесілген.
Хух-Хото соты 2015 жылдың ақпанында бірнеше адамды өлтірген Чжао Чжихунды өлім жазасына кескен, алайда үкім енді орындалып отыр. 1996 жылы жасалған осы қылмыс үшін бұған дейін 18 жастағы жазықсыз жігіт ең ауыр жазаға тартылған, ол тек 2014 жылдың желтоқсанында ақталды, деп хабарлады РИА Новости.
Үкім оқылғаннан кейін сотталушы өлім жазасы орындалардан алдын туыстарымен кездесуден бас тартты.
2005 жылы Чжао Чжихун қарақшылық жасап, әйел зорлағаны және бірнеше адамды өлтіргені анықталды, ол сондай-ақ 1996 жылы Хух-Хото қаласының қоғамдық дәретханасында жасалған қылмысты да мойнына алды.
Тағы оқыңыз: Жазықсыз 39 жыл түрмеде отырған қария ақталып шықты
Дәретханадан табылған мәйітті бірінші болып көріп, оны полицияға хабарлаған жас жігіт соттың қателігінен осы қылмыс үшін өлім жазасына кесілген. Ол 2014 жылдың желтоқсанында ақталды. Қытай билігі жас жігіттің сотқа қатысуға келген ата-анасынан кешірім сұрап, 330 мың доллар көлемінде өтемақы төледі.
Соттың үкіміне сәйкес, 1996 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың шілдесіне дейін Чжао Чжихун алты адамды өлтіріп, он адамды зорлаған, сондай-ақ бірқатар ауыр қылмыс жасаған.
Сот Чжао Чжихунді өлім жазасына кесіп қана қоймай, 53 мың юань (шамамен 8,4 мың доллар) айыппұл салды және зардап шеккендерге 102 мың юань (шамамен 14,8 мың доллар) төлеуге міндеттеді.
sputniknews.kz