Асқар Бейсенбаев: қызметтері, лауазымдары, білімі, отбасы

0

2017 жылы қыркүйегінен бастап Сенат комитетін басқарды

Асқар Бейсенбаев 1961 жылы 31 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келді. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін бітірген.

Түрлі жылдары Түлкібас консерві зауытының инженер-технологы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болды . 1988-1994 жылдары — Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нан тағамдары комбинатының директоры қызметін атқарды. «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі болған. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және сенатының депутаты болды.

2017 жылы қыркүйегінен бастап Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін басқарды.

Үйленген, екі ұлы мен бір қызы бар.

Қазақ, орыс және неміс тілін меңгерген.



sputniknews.kz