Жоқ қылуға дәтім бармады: Смақов «Ақтөбені» қалай сатып алғанын айтты — новости Казахстана

0

«Ақтөбе» футбол клубын сатып алған Самат Смақов оған жеті жыл бойы толық иелік ете алмайтын болып шықты. Атақты клуб бұрынғыдай облыстық әкімдіктің бақылауында болады екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жоқ қылуға дәтім бармады: Смақов "Ақтөбені" қалай сатып алғанын айтты

Самат Смақов. Фото: ФК «Ақтөбе»

Бәс саудаға жалғыз өзі қатысқан Смақов алғашқы жарнаға он бес миллион теңге төлеп, сенімгерлік басқаруға алған. Ал 108 миллион теңгенің қалған бөлігін жеті жыл ішінде өтеуі тиіс.

Оған қоса осы күнге дейін жиналып қалған қарызды да бас директор өз мойнына алып отыр. Әсіресе, легионерлерге берешегі шаш етектен.

Десе де, клуб жекеге өткенімен қазынаның ақшасынан құр қалмайтын көрінеді. Алдағы жылдың өзіне бюджеттен екі миллиардттай ақша қарастырылған.

Енді Самат Смақов қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайызының қызмет орнын сақтап қалуға міндетті.

Сонымен қатар, ол балалардың футбол орталықтарын дамытуды мойнына алған. Егер бұл жауапкершіліктен қашатын болса, клубты әкімдік кері қайтарып алады екен.

«Үшінші рет бәс саудада ешкім сатып алмаса клубты билік таратып жіберер еді. Сондықтан жақындарыммен, таныстарыммен кеңесіп, өзім сатып алуды жөн көрдім. Бұл клуб мен үшін қымбат. Кейбір білгіштер клубты жауып, жаңадан ашу керек еді деп жатыр. Бірақ қаншама жылдық тарихты қалай жоқ қылуға болады? Оған дәтім бармады», — дейді Самат Смақов.

Дереккөз: КТК арнасы


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар