Шымкентте толғағы қысқан келіншек пен дәрігер қосылып биледі

0

Желі қолданушылары босанғалы жүрген әйелдерге көмектесетін бұл әдіс туралы жағымды пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Желіде Шымкенттегі перинаталдық орталықта аяғы ауыр келіншек, дәрігер мен медбикенің биі түсірілген видео тарап кетті.

«Видеодағы Гаухар деген келіншек босанғалы жүр. Бидің арасында оның толғағы қысып қалады. Оның толғағы басылғанша күтеміз, сосын қайта билейміз. Нәтижесінде ол тез және жеңіл босанды», — дейді перинаталдық орталықтағылар.

Гаухар қыз дүниеге әкелді, үйде тағы бес баласы бар екен. Перзентханадағылар дәрігер Дәулер Сатовтың бұл челленджді бірінші болып қолдағанын жеткізді.

Айта кетсек, бұл челленджді бразилиялық акушер-гинеколог Фернандо Гудес да Куньи бастаған болатын. Ол босануға дайындалып жүрген әйелдермен билеп, желіде танымал болған еді.  Дәрігерлердің айтуынша, ырғақты би толғақ кезіндегі ауруды бәсеңдетіп, болашақ аналардың көңіл-күйін көтереді.



sputniknews.kz