Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Түтік)
Өртейді жарақатты жанды күйік,
Өмірдің тартқандай бір алды тұйық,
Шілдеде семген гүлге су сепкендей
Жалма-жан жатты дәрігер қанды құйып.
Денеме бауырлас қан тарай берді,
Шолыды қиял сонда талай жерді.
Кішкентай сол түтікке өмір сыйып
Білмеймін сол араға қалай келді.