Оқуға түсе алмай қалғандарға тағы бір мүмкіндік беріледі   

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш осы жылдың 25 шілдесі мен 3 тамызы аралығында қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ертең тамыз айында ақылы негізде өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталады.

«Өтініштер желілік жоғары оқу орындарында 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады», — деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының сайтында.

 Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 17-20 тамыз аралығында өткізіледі. Бағасы – 2242 теңге.

Ақылы ҰБТ

Қазақстанда 11 (12) — сынып түлектерінің жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар, олардың үшеуі ақылы негізде болады.

  • 15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін (ақылы) — өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады;
  • 24 наурыздан 29 наурызға дейін (ақылы) — өтініштер 1-15 ақпан аралығында қабылданады;
  • 20 маусымнан 5 шілдеге дейін (тегін) — өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады;
  • 17 тамыздан 20 тамызға дейін (ақылы) — өтініштер 25 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады.

Тағы оқыңыз: Сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты

Тестілеуді қаңтар, наурыз және тамыз айларында сәтті тапсырған студенттер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады. Ал маусым-шілде айларындағы тестілеу мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік береді.

2019 жылы 110 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырды, олардың 82 мыңнан астамы 50 балдық шекті деңгейден өтті.



sputniknews.kz