Елеусіновтің бесінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? — Бокс
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшының қарсыласы — никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).
Жекпе-жек сегіз раунд форматында болады. Елеусіновтің бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан тұрған еді.
Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.
«Хабар» арнасындағы трансляция Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.