Өлең: Мұхтар Шаханов (Ерлер достығы)
Қанаттыны қарынды
Жеңген заманда,
Сендей жаны дарынды
Серік табам ба?
Қайырмасы:
Нағыз достық махаббаттан бір де кем емес,
Досы жоқтарды тағдыр жебемес.
Ізгілікке алғысыңмен,
Сарқылмайтын нар күшіңмен,
Сатылмайтын болмысыңмен
Сау бол, ұлы сезім.
Даңқыңды бұлт жасырмасын,
Жасырмасын, асыл досым,
Қай кезде де қасымдасың,
Өзің.
Жаны аласа қоғамның
Парқы тұманды.
Бір досы жоқ адамның
Даңқы күмәнді.
Қайырмасы
Ер жігіттің ел сенер
Сенім — атасы.
Достықпенен өлшенер
Ұлттың сапасы.
Қайырмасы