Белгілі журналист жиынға «ішіп-шегіп» келетін қазақ әншілерін сынға алды — новости Казахстана
Елімізге танымал журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова аты шыққан әншілердің жұрт алдындағы теріс әрекетін қатаң сынға алды деп жазады NUR.KZ.
Журналист бұл жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.
Сахнаның болмаса да, өнердің киесі барын ұмытпаңыздар. Бәріне бірдей күйе жақпаймын. Өнерде тәрбие көргендер де бар. Бірақ, кей әртістер тым еркінсіп кеткен.
Барлығы да сенің «арағың» бетіңе шыға жаздаған түріңе қарап, әніңді тыңдап отырған елдің арқасы екенін ұмытпай, бір сәт тәубеңе келу — әрбірден соң ардың ісі!
Өмір, уақыт, адамдар соншалықты қадірсіз емес екенін жақсы білемін. Сондықтан шығар, титтей ерсі дүние жүрегімді ауыртып, жүйкеме тиеді.