Тоқаев Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта Аманоның өмірден өтуі барлық халықаралық қоғамдастық үшін ауыр қаза екені жазылған.


©
Sputnik /

МАГАТЭ-нің бас директоры болған Юкия Амано

Қазақстан президенті МАГАТЭ басшысының ядролық қаруды таратпау және ядролық энергияны жаһандық деңгейде бейбіт мақсатқа пайдалану үшін атқарған рөлі зор екенін айтты.

«Біз Қазақстанның айнымас досы және жаһандық әлемдегі қауіпсіздіктің қорғаушысы Юкия Амано мырзаның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпаймыз» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты

22 шілде күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің хатшылығы Юкия Аманоның көз жұмғанын хабарлады. Ол 73 жаста болатын.



sputniknews.kz