жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Түркіменстан президентінің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Еуразиялық проблемалар мониторингі орталығының директоры Аслан Рубаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанын айтты. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін саясаткер Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұқбатында Түркіменстан басшысы демалыс кезінде көз жұмды деген болатын. Ол арнайы қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасаған.

Кейін ол өзінің Facebook парақшасында Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Мен Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанына өте қуаныштымын. Президенттің туыстары, жақындары  мен барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын. Бұған дейінгі  ақпарат жоққа шығарылды», — деп жазды саясаткер.

Аслан Рубаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпарат оның көптен бері көрінбей кеткеніне байланысты туындауы мүмкін екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді

Бұған дейін Түркіменстанның Мәскеудегі елшілігі де президенттің өлімі туралы ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.



sputniknews.kz