Тоқаев жағымпаздыққа қалай қарайтынын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекет басшысы туралы деректі фильм эфирге шықты

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағымпаздыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Маған адамдар жағынатын сөздерді көп айтпайды. Бәлкім, менің ондай сөздерді онша ұнатпайтынымды білетін шығар. Онша ұнатпайтын емес, маған мүлдем ұнамайды. Шыны керек, кейбір адамдардың тарапынан жағымпаздық байқалады. Мәселен, Өзбекстанға жасаған сапардан кейін «тамаша, ондай ешқашан болған емес, сіз өзіңізді керемет ұстадыңыз» деген сөздер айтылды. Мен ондайға назар аудармаймын», — деді Тоқаев «Президент 2.0» фильмінде.

Мемлекет басшысы мадақтар айтылғанда жауап бермейтінін жеткізді. Ондай адамдарға назар аудармайтынын айтты. Себебі жағымпаздық көк тиын да тұрмайды.

Тағы оқыңыз: «Бұл уақытша ғана нәрсе екен…»: Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді

«Адам өзіне-өзі төреші, мен де қай жерде қателескенімді, өзімді қай жерде қалай ұстағанымды білемін. Ол жағынан мен өз-өзімді сынай аламын», — деп атап көрсетті Тоқаев.



sputniknews.kz