Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты
Қысқа сілтеме алу
Киото қаласында 41 жастағы ер адам анимациялық студияға баса-көктеп кіріп, ғимаратты өртеп жіберді
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Оқиға 18 шілде күні болды. Анимациялық студияға 41 жастағы ер адам баса-көктеп кіріп, жанғыш сұйықтық шашып, ғимаратты өртеп жіберді. Өрт салдарынан 33 адам көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Тәжікстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты
Күдікті ұсталып, жарақат алуына байланысты ауруханаға жеткізілді. Кейіннен ер адам студия өзінің идеясын ұрлағанын мәлімдеді.
sputniknews.kz