«Тәттіні көп жеме»: Владимир Путин кішкентай балаға қандай уәде берді
Ресей президенті Владимир Путин Иркутск облысында үйі мен балабақшасы суға кеткен балақаймен әңгімелесті
Жұма күні Владимир Путин су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан №28 қалалық мектеп-интернатқа келіп, медициналық пунктіні көрді.
Содан соң ол бөлмелердің біріне кіріп, үйі суға кеткен Матвей Сафронов есімді балақаймен сөйлесті.
«Сіз Путинсіз бе? Мен сізді теледидардан көрдім!», — деді балақай мемлекет басшысымен танысып.
Кішкентай Матвей президенттің құрметіне отбасы торт алып, мерекелік дастархан жаятынын айтты.
«Жақсы. Көп рахмет. Тек тәттіні көп жеме», — деп ескертті Путин.
Тағы оқыңыз: «Қызға көмектесіңдер»: Путинмен кездесуде күтпеген жағдай болды — видео
Сонымен қатар РФ президенті балаға су тасқынынан зардап шеккен Иркутск облысындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруді қадағалауға уәде берді.
sputniknews.kz