Бурабайда Жеке батыр өртенді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында жедел штаб құрған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде  — Sputnik. Ақмола облысындағы Жеке батыр тауында орманнан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт 19 шілдеде басталған. Құтқарушыларға сағат 13:00-де Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Жеке Батыр тауындағы өрт туралы хабар түскен.

Тағы оқыңыз: Алматы аспанын қою қара түтін басты — видео

Комитет мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында облыстың төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды.

Өртті сөндіруге 50 өрт сөндіруші мен 5 көлік, 50 саябақ қызметкері, 2 арнайы көлік және Ми-2 тікұшағы жұмылдырылған. Сонымен бірге Көкшетаудан «Қазавиақұтқарудың»  Ми-26 тікұшағы аттанды.



sputniknews.kz