Балконнан секірген қостанайлық келіншекті өз күйеуі ұстап қалды (видео) — новости Казахстана
Қостанай облысының Жітіқара ауданында күйеуімен ұрысып қалған келіншек балконнан секіріп кетті. 37 жастағы әйелді жұбайы ұстап қалған деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ер адам ілініп тұрған әйелін көтеріп, шығара алмаған.
Келеңсіз жағдай орын алған пәтерге полиция қызметкерлері көмекке келіпті.
Полицияның мәліметінше, 47 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелдың арасында кикілжің туындаған. Осыдан кейін әйел адам балконнан секіріп кетуге әрекет жасаған.
Абырой болғанда, оны күйеуі ұстап үлгеріпті.