«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы ауысты

0

Астана, BAQ.KZ. Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында Александровка ауылында дүниеге келген.

Еңбек қызметін 1985 жылы «Жетібаймұнай» мекемесінде оператор, технолог, кейін мұнай мен газ өндіру шебері қызметінде бастаған.

Түрлі жылдары бас директордың орынбасары және «Оңтүстікмұнайгаз» бірінші вице-президенті, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтеріндще болған.

2011 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма директоры қызметіне тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

Осыған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев болған еді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ