Ресейде жоғалған автокөліктер Сарыағаштан табылды

0

Шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған екі «Тойота Rav 4» автокөлігін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстан асырмай ұстады.

«Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4″ автокөлігін тексеріп, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екенін анықталды», — деп жазылған ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Жүргізушісі 1976 жылғы Тәжікстан азаматы ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұл кешкі сағат 21.30-дар шамасында болған оқиға еді.

Тағы оқыңыз: Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі

Арада екі жарым сағат өткенде дәл осындай, Өзбекстанға қарай бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі тексеру орнына кіреді. Бұл да Ресей аумағынан үшті-күйлі жоғалған автокөлік екен. Оның жүргізушісі, 40 жастағы ресейлік те ұсталып полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 



sputniknews.kz