Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келуі мүмкін екенін ескертті

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өзбекстанда биылғы жылдың шілдесі ел тарихындағы ең ыстық ай болуы мүмкін    

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Өзбекстанда алдағы бірнеше аптада ми қайнатар ыстықтың беті қайтпайды, деп хабарлады Узгидромет.

Шілде шынымен де метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде рекорд орнатуы мүмкін, деп жазды Sputnik Өзбекстан.  

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5 градусқа, ал екінші онкүндікте 5-7 градусқа жоғары болып тұр.

Рекордтар арасында: Самарқан – 39,9 градус, Нүкіс – 42,8 градус, Сырдария – 42,1 градус, Навои 42,6 градус ыстық.

Тағы оқыңыз: Аптап ыстықта не жеу керек – маманның кеңесі

Алдағы апталарда түнде шамамен 29 градусқа дейін, ал күндіз 40-45 градусқа дейін ыстық болады.

Аптап ыстық республикадағы пойыздар қозғалысына әсер етіп жатыр: шілде айының басында Самарқан-Бұхара және Бұхара-Хива бағыттарында жылдамдық шектелді.



sputniknews.kz