Украина соты коммунистік және нацистік режимдерді теңестірді

0

Украинаның конституциялық соты декоммунизация туралы заңның ел Конституциясына қайшы келмейтіні жайлы шешім шығарды. Сот шешімі 16 шілдеде жарияланды.

Онда коммунистік және нацистік режимдердің бірдей деңгейде адамдарды қуғындап, адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны жазылған.

«Коммунистік және нацистік режимдердің қылмыстық негізі бір болды, ал оның мемлекеттік репрессивті саясатты жүзеге асыру жолдары ұқсас» делінген құжатта.

Құжатта нацистік және коммунистік режимдерді сынап, олардың символикасын пайдалануға заңмен тыйым салудың мақсаты «тоталитарлық кезеңнің оралуына жол бермеу» екені айтылған.

Украинада 2015 жылдан бері коммунизм белгілерінен арылу (декоммунизация) туралы заң аясында мыңға тарта қала, кент пен елді мекен атаулары өзгертілді, Ленин мен басқа да коммунистік қайраткерлердің екі мыңға жуық ескерткіші сүрілді.

Azattyq