мәдениет министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Орталық мемлекеттік органдар 2024-2025 жылдардан бастап іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Қазақстанда латын графикасына ауысу 2020-2035 жылдарға созылады деген мәліметті мәдениет және спорт министрлігі жоққа шығарды.

Бұған дейін «Известия» басылымы жариялаған жаңалыққа сәйкес, Қазақстан үкіметі «латын әліпбиіне көшуді тағы он жылға созу» мәселесін қарастырып жатыр-мыс.

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан үкіметі әліпбиді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ауыстыру үшін шаралар жоспарын бекітті», — деп мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов Sputnik Қазақстан тілшісіне түсіндірді.

Латын әліпбиіне көшу шараларының жоспары үш кезеңнен тұрады. 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа әліпбидің жазу ережелерін құрастыру және мәтіндерді латын графикасына көшіріп жазатын IТ қосымашалар жасап шығару көзделген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді

«Келесі кезең 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Осы аралықта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер латын графикасына көшіріледі, төлқұжат, жеке куәлік және басқа құжаттар айырбасталады», — деп атап өтті Мелдешов.

2024-2025 жылдары мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізе бастайды. Мемлекеттік БАҚ пен білім беру мекемелері де латын графикасына ауысады.

«Қазір 2020-2025 жылдарға тілдерді дамыту және қолдану туралы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат – латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін жаңғырту», — деді Мелдешов.

Тағы оқыңыз: Латын әліпбиіндегі қазақша пернетақта қандай болады?

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс. Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбидегі кемшіліктер  жайлы қоғамның пікірі ескерілетінін айтты.



sputniknews.kz