Шымкентте 10 тәулікке қамалған белсенді босап шықты

0

16 шілде күні Шымкентте «рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны» үшін 10 тәулікке қамалған Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны үшінші топтағы мүгедек Мұрат Байдуллаев бостандыққа шықты.

Ол 2 шілде күні Қазақстанға Қытайдан инвестиция тартуға қарсылық білдіріп Facebook әлеуметтік желісі арқылы видеоүндеу жолдаған. Сот оны осы әрекеті үшін соттаған.

Мұрат Байдуллаевты достары мен туыстары күтіп алды.

6 шілде күні 53 жастағы Мұрат Байдуллаевты Төле би аудандық соты «бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібін» бұзды деп айыптаған. Ол Қазақстанға Қытайдан инвестиция тартуға қарсы шыққанын мойындайды.

Түркістан облысында арнайы қабылдау орны болмағандықтан сотталушы Шымкент қалалық полиция департаментіне қарасты арнайы қабылдау орнына жатқызылған. Ол заңдағы сөз бостандығы, адам құқығы баптарға меңзеп, белсенділер мен өз құқығы туралы айтатын адамдардың қудаланып жатқанын айтады.

6 шілде Астана күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбеде полиция «рұқсат етілмеген митингіге шыққан» жүздеген адамды ұстады.

Azattyq