Алматы неге жарықсыз қалғаны белгілі болды
2-ші ЖЭС-тағы техникалық ақау салдарынан мегаполис жарықсыз қалған
Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы мегаполистің неге жарықсыз қалғанын түсіндірді.
«Бүгін 15 шілде күні сағат 14:14-те «АлЭС» АҚ 2-ші жылу электр стансасында техникалық бұзылу болды. Салдарынан қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта 2-ші жылу электр стансасында КЛ-220 кВ бойынша электр энергиясы берілді. Сондай-ақ қаланың сыртқы желілері(KEGOC 220 кв желісі) бойынша Алматы жарыққа қосылып жатыр. Алдағы 1-1,5 сағат ішінде қалпына келеді», — делінген хабарламада.
Электр энергиясы сағат кешкі 17:00 кезінде толық қалпына келеді.
sputniknews.kz