Ертегі: Қарға мен құрт

0

Ертегі: Қарға мен құрт казакша Ертегі: Қарға мен құрт на казахском языке

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.

Қарға тағы «уһ!» деді.

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!