Таразда перзентханадағы сәбиді қалай ұрлағаны белгілі болды

0

Таразда перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды. Жантүршігерлік оқиға 8 шілде күні болған. 22 жастағы келіншек тапа-тал түсте шарананы жасырын есік арқылы шығарған.  

22 жастақы қыз құрбымның жағдайын білем деп алдап кірген: Таразда перзентханадағы сәбиді қалай ұрлағаны белгілі болды

Скриншот: Атамекен бизнес жаңалықтары

Осылайша ол сәбиді Алматыға жөнелтпек болған.  Бұл уақытта сәбидің ата-анасы мен дәрігерлер қайда болған? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға Тараз қаласының перинаталдық орталығында тіркелді. Айдың күннің аманында 8 күндік жаңа туған сәби іште дәрігерлердің болғанына қарамастан ізім-ғайым жоғалып кеткен. Перзентінің орнында жоқ екенін анасы байқапты. Ол дереу балаға бас-көз болуы тиіс акушерге барып сәбиін сұраған. Алайда нәресетінің қайда және кіммен кеткенін ешкім білмеген. Әбден зәре-құты қашқан анасы дереу тәртіп сақшыларына өзі хабар беріпті. 

Абырой болғанда полиция қызметкерлері небәрі екі сағаттың ішінде ауыр қылмыстың бетін ашыпты. Олар бейнебақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, нәрестені ұрлаған әйелдің перзентханадан шыққаннан кейін қайда кеткенін анықтапты. Анықталған бағыт бойынша қонақ үйлердің біріне жетіп, нөмерлердің бірінен сәбиді тапқан. Жас келіншектің өзі де жуырда дәл осы перзентханадан босанып шыққан екен. Ең қызығы ол ұрлаған сәбидің анасымен бір палатада жатқан. Арам ісін жүзеге асыру үшін ең алдымен перинаталдық орталығының қызметкерлеріне «құрбымның жағдайын білуге келіп едім» деп алдап соққан. Ал бұл уақытта нәрсетенің анасы түскі ас ішіуге шығып, баласын дәрігерге тапсырған екен. 

«Ол жанымда жатқан әйелдің қал жағдайын сұраймын деп облыстық перинаталдық орталыққа кірген. Баланың анасы түскі асқа кеткен. Ол баланы тербетіп тұрғанда телефон шырылдады. Сол кісі телефонды көтеруге барғанда, мына кісі алып кетіп отыр», — дейді перинаталдық орталықтық бас акушері Сәуле АЙжанова. 

Осылайша өз ісіне салғырт қараған бірнеше ақхалаттылар жұмыстан босатылыпты. Оның ішінде бөлім меңгерушісінен бастап, медбикелер де бар.

Облыстық денсаулық сақтау департменті дәрігерлердің жас келіншекпен сыбайлас болғанын жоққа шығаруда. Тек тексеру нәтижесінде дереу шара қолданбағыны үшін жаза қолданыпты. 

«Нәресте ата-анасына қайтарылды. Тексеру жүргізілуде. 4 адамға қатаң сөгіс жарияланды және де 4 адам жұмыстан босатылды. Олар бөлім меңгерушіден бастап, кіші мейірбике дейін. Факт бойынша салғырт қарау деп аталмайды, комиссия шешімі бойынша осындай шара қолданып отыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Хамит Мырзақасым.

Ал баланы қолды қылған  келіншек Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны. Дерекке сәйкес, жаңа туылған шарананы ол Алматы қаласына жібермек болған. 

«Жазасын бес жылдан бастап бас бостандығынан айырады. Ең маңыздысы бол жерде баланы сату, туу, сауда жасап сату бойынша тікелей жауапкершілікке тартылады», — дейді заңгер Айсана Сман. 

Осылайша күдікті келіншекке қатысты тергеу амалдары басталды. Қылмыстық кодекске сәйкес, жас келіншектің мүлкін тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктінің өзінің кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда.

stan.kz