тауда әйелдерге тиісетін маньяк жүр
Күдікті тауда серуендеп жүрген әйелдерге тиісіп, анайы ұсыныс жасаған
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Spuntik. Алматы тауларында қыз-келіншектерге тиісті деген ер адам әлі табылмай жатыр. Ол екі ресейлік туристің соңынан қуалапты. Бұдан бөлек, әйелдерді пышақпен қорқытып, қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды КТК.
Өңірге келетін туристердің зәре-құтын алған азғынды қорықшылар күні-түні іздегенімен, әзірге нәтиже болмапты.
Ал маньяктың құрбанына айнала жаздаған Мария Седова мен Марина Нахимова Фурманов шыңын бағындыруға Ресейден арнайы келген. Кім асар шатқалында жеткен бойда қыздар нағыз шытырман оқиғаға тап болады.
«Марияға жүгіріп келіп «пышақ тығып аламын» деді. Тіпті «атып тастаймын» деп сес көрсетті», — дейді Марина Нахимова.
Олардың айтуынша, бейтаныс жігіт әуелі әңгімеге тартып, қыздардың жалғыз жүргеніне көз жеткізген соң, оғаш қылық таныта бастаған. Мария мен Маринаның ізінен қалмай, қуалап, пышақпен қорқытыпты. Абырой болғанда, жолда басқа туристер кезігіп, әлгі азғын қарасын батырады.
Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады
Бұдан бөлек, күдікті сол күні тауда серуендеп жүрген тағы екі әйелге тиісіп, анайы ұсыныс жасаған көрінеді.
«Ол адамды суреттен көрдік. Арықтау келген. Басында қалпағы бар. Сақал-мұртты екен. Сол сурет арқылы іздеп жатырмыз», — дейді қорықшылардың бірі.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының Медеу филиалы директорының орынбасары Серікжан Сұраншин туристерді қорықпай демалуға шақырып, азғынның міндетті түрде табылатынына сенім білдірді.
Ал қазір орманды қорықшылар, тау етегін полиция жіті бақылауға алды.
Тағы оқыңыз: Алматы облысының тұрғыны әйелді зорлап тастап, жайлауға қашып кеткен
sputniknews.kz