«Паранджа киіп жүрейін бе?» Шымкент әкімі киіміне қатысты сұраққа жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Шымкент әкімі қыздарды алып қашу дәстүріне қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын қалай аралайтыны туралы айтып, ел арасында тараған қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Негізінде қаланы жиі аралаймын. Мені танымауы үшін не істеймін енді? Паранджа киіп жүрейін бе? Қаладағы шын мәнісінде жағдайы қиын аудандарды аралағанда, мені танып-танымауы маңызды емес. Керісінше, қала басшысының келгенін білуі тиіс: жол, канализация, тротуар проблемасымен танысқанын көргені жөн. Мексикалық әріптесіміздің тәжірибесі бұрыннан бар емес пе. Баяғы заманда сұлтандар да жұпыны киініп, қаланы аралайтын болған», -деді Әбдірахымов.

Бұдан бұрын БАҚ-та жазылғандай, мексикалық қала басшысы қарапайым киініп, қол астындағы қызметкерлердің үйсіз-күйсіз адамдарға қалай қарайтынын біліпті. Осы орайда Шымкент әкімі күнде болмаса да, велосипедпен жүріп тұратынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Шымкентті «зың» деп, «вау» етуге уәде берген Ғабидолла Әбірахымов туралы не білеміз?

Содан кейін журналистер Ғабидолла Әбірахымовтан Шымкенттегі қыздарды алып қашу дәстүрі туралы сұрады.

«Біріншіден, Шымкентте қыздарды ұрламайды. Осы мәселе төңірегінде айтылып жүргендердің бәрі – қауесет. Бірақ кейде қыздардың өзі алып қашқанын қалайтын сияқты», — деп әкім журналистерді ду күлдірді.



sputniknews.kz