Қазақстанға қыдырып келген бала өлім аузынан қалды
Қысқа сілтеме алу
Бала көлдің ортасында құтқару жилетінсіз қалып қойды
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Ақмолалық құтқарушылар Ресейден қыдырып келген 9 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.
8 шілдеде Щучинск курорттық аймағындағы Малое Чебачье көлінде үрленген матрацпен жүзіп жүрген 9 жасар баланы күшті толқын көлдің ортасына қарай алып кетеді.
Ата-анасы сағат 14:05-те құтқарушыларды көмекке шақырыпты. Бір минуттан соң құтқарушылар қайықпен аттанып, жеткіншекті құтқарып алды.
Тағы оқыңыз: 60 жастағы қария төрт күн бойы ашық теңізде ас-сусыз жүзіп жүрді
Балада құтқару жилеті болмаған. Ұлымен аман-есен қауышқан ата-ана жедел құтқару жасағына алғысын жаудырды.
Кейінірек белгілі болғандай, туристер Ресей Федерациясынан демалуға келген екен.
sputniknews.kz