Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Апаттан зардап шеккендердің бірі комада жатыр. Тағы үш адамның жағдайы ауыр

ПАВЛОДАР, 8 шілде – Sputnik. Екібастұз — Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болды. Бір адам қаза тапты, 12 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан -ға Павлодар облысындағы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жанна Белялова.   

Трагедия жексенбі, 7 шілде күні сағат 21:40 шамасында Екібастұздан 12 шақырым жерде болды. Audi 100 көлігінің 1993 жылғы жүргізушісі негізгі жолға шығар кезде Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 50 жастағы әйел көз жұмды. Тағы 12 адам түрлі жарақатпен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында бес бала бар (біреуі 3-те, екеуі 4-те, қалған екі бала 5 және 9 жасында).

Тағы оқыңыз: Ақмола облысындағы жол апатынан алты адам көз жұмды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, зардап шеккендерге жабық бас сүйек-ми жарақаты мен мидың шайқалуы деген диагноз қойылған. 30 жастағы ер адам комаға түсті. Тағы үш адамның жағдайы ауыр.

Травмотология бөліміне жеткізілген балалардың жағдайы орташа.

Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (көлiк құралын басқау кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес, белгілi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.



sputniknews.kz