Өлең: Абай Құнанбаев (Күнді уақыт итеріп)

0

Өлең: Абай Құнанбаев (Күнді уақыт итеріп) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Күнді уақыт итеріп) на казахском языке

Күнді уақыт итеріп
Көк жиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса —

Сонда көңілім жоқтайды
Татуы мен асығын,
Көзі жетіп тоқтайды
Өткен күннің қашығын.

Көкке бақтым алла деп,
Тамаша етіп құдіретін.
Рахматы оиың онда көп,
Бізге түк жоқ тиетін.

Неге сүйсін ол мені,
Өзім ақымақ, алмадым,
Көрдім артық бір сені
Рахматынан алланың

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!