Обырдың иммунобиологиялық әрекеттесу ерекшеліктері слайд,презентация
Обырдың иммунобиологиялық әрекеттесу ерекшеліктері слайд,презентация
Обыр– тоқтаусыз, ретсіз патологиялық өсуден пайда болатын, тұқымдаушылыққа бейім өсінді. Қазіргі жағдайда жер шарының әрбір ¼ тұрғынында өспе кездеседі, олардың көпшілігі қатерсіз өспелер. Морфологиялық атипия.Өспе жасушларының пішіні мен көлемі өзгереді,үлкен жасушалар басым болады.Ядроның көлемі үлкеюінен ядро мен цитоплазманың арақатынасы ұлғаяды, ядрода ядрошықтардың саны мен көлемі үлкейеді ,хромосомалардың саны өзгереді, кейбіреулерінің құрлымы бұзылады. Биохимиялық анаплазия.Қалыпты жағдайд әрбір тін өзіне ғана тән ферменттер түзеді.Бұл ферменттер осы тінге тән изоферменттердін жиынтығы мен сиппатталады.Өспелерде бұл ерекшелік жоғалады Жасушалардың тез бөлініп,өсуіне көп мөлшерде нәруыздардын түзілуі қажет.Өспе жасушалары айналасындағы ортадан амин қышқылдарын көптеп сорып алады және өзіне тән нәруыз өндіру үшін пайдаланады.Сондықтан өспені ‘азоттың қақпаны’деп атайды.