Жүректің жылуын сыйлайыншы анама » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

 

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер. Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 − наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары бола берсін дейміз.

Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар!

Мансұр: Қымбатты әжелер, аналар, апалар сіздерді 8 — наурыз қыздар мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Аңсар: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели! От всей души поздравляем Вас с весенним праздником 8 — марта! Желаем Вам здоровья, счастья и успехов во всем.

Нұрдәулет: Beautiful mothers, dear grandmothers, dear educators! We congratulations you on the spring holiday, 8 of March! We wish you happiness in life.

(Музыка «Жігіттер» биі, ұлдар кіреді. Жүргізушілер орнына барып тұрады.)

Би: «Жігіттер»

(ұлдар орнында тұрады, қыздар кіреді)

Би: «Вальс»

Балалар екіге бөлінеді. (ұлдар бір жаққа, қыздар бір жаққа бөлініп отырады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, сіздерге арнап тақпақтар айтамыз.

Е.Інжу:

Қоя ғой, қарғам күнім деп

Айналар жанды жылытып

Қараса әжем күлімдеп

Кетеміз бәрін ұмытып

Ақгүл:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын қонаққа

Кәмпит алып келеді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді

Әлия:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

Жүргізуші: Балалардың орындауында Ән «Әжем».

Балалар отырады.

Жүргізуші:

Ана — біздің күніміз

Ана — біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз, − дей келе, балаларыңыздың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.

Данияр:

Анамыздың мерекесі

Келіп қалды жақындап

Көңілін қалай тапсам деп

Ойлап жүрмін күн — түні

Нұрдәулет:

Аналарды теңейміз ғой құндызға

Күнге де, айға да, жұлдызға

Өмір бойы анаммен

Бақытты ғой ұл — қыздар

Бексұлтан:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Жүргізуші: Ана туралы тақпақтарымызды айттық, енді әнге кезек берейік.

Ән: «Аналар мерекесі»

Жүргізуші: Балалар, енді ойынға кезек берейік.

Ойын: «Аяқ киімдерін табу»

Жүргізуші: Тобымыздың жігіттері бүгін аналарына тосын сый жасап, аналарын биге шақырады.

Би: «Вальс» (аналарымен)

Мансұр:

Ана, сен бақыттысың, жыламағын

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан да жыламағын, жыламағын

Диас:

Қабағын бір сәт шытпайды,

Жайдары ашық мінезді

Балалар үйден шықпайды

Естілмес қатал бір сөзі

Малика:

Ана – өмірдің қуанышы, тірегі

Бала – оның жұбанышы, жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тілейді

Би «Қуыршақтар» (Арай, Балым, Ақбота, Ақгүл, Ботакөз, Інжу)

Жүргізуші: Балалар, қазір қай мезгіл?

  • Көктем.
  • Көктемде ауа — райында қандай өзгерістер болады?
  • Қар ериді, жылғалардан су ағады және аналардың мерекесі болады.
  • Ендеше, әнге кезек берейік.

Ән: «Көктем»

С.Інжу:

Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама

Анасыз өмір бола ма

Айтыңдаршы баршаң да?

Ақбота:

Анам менің ардақты

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын

Мәпелейді анашым

Ботакөз:

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

Сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Ұлдар, аналарыңа көмектесу білесіңдер ме?

  • Иә!
  • Ендеше мен тексеріп көрейін.

Ойын: «Үй жинау»

Керек заттар: 2 стол, жерге шашылған қағаз, қоқыс шелегі, кәмпиттер, 2 тарелка, гүлдер, 2 құмыра.

Шарты: Қоқыс жинайды, кәмпиттер мен гүлдерді салады, алжапқыш киеді.

Сайқымазақ риза болып, қоштасып кетеді.

Орыс тіліндегі тақпақтарға кезек беріледі.

Арай:

Мамочку свою люблю

Я ей песенку спою

Обниму ее лодошкой

И на ушко прошепчу

С 8 — мартом поздравляю

Счастья я тебе желаю

Слушаться, не баловаться

Я сегодня обещаю!

Аңсар:

Маме утром я спою

Песенку такую

Чтобы сразу поняла

Как ее люблю я

Чтобы сразу догадалась

Что сегодня праздник

Чтобы мило улыбалась

Балым:

Я любимой маме

Сделаю подарок

Своими руками

Нарисую солнце

Небо и цветы

Чтобы всегда счастливой

Была, мама, ты!

Ән: «Мама» (орыс тілінде)

Аналармен ойын: «Пантомимо»

Шарты: Күнделікті үйдегі атқарып жүген тіршіліктеріңізді Пантомимо арқылы көрсетесіздер. Ол үшін мына конверттерді өз қалауларыңыз бойынша біреуін таңдаңыздар. Анасы пантомимомен конверттегі берілген тапсырманы бейнелейді, балалар табу керек.

Музыка ойналып, Көктем келеді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме! (амандасады, мерекемен құттықтайды) Мен — Көктеммін. Мен құстарды өзіммен бірге алып келдім. Қарлығаш ұясын киіз үйдің шаңырағына салады екен. Енді «Қос қарлығаш» деген композицияны қабыл алыңыздар.

Би: «Қос қарлығаш»

Қарлығаштар ұшып шығып кетеді. Кейін ұлдар. Көктем қоштасады, кетеді.

Қолдарына жүрек ұстап қыздар жүгіріп шығып тұрады, ұлдар да келеді, тұрады.

Музыка: «Мама», билейді.

Сыйлықтарын (жүректерін) сыйлайды, орындарына қайтып келеді.

Жүргізушінің сөзі.

Ертеңгіліктің соңы.

 

 

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы КМҚК, музыка жетекшісі

Сейдахметова Нурайша Молдашовна