Тәрбие сағаты: «Ана өмірдің гүлі» » Қазақстан ұстаздарына арналған
Тақырыбы:Ана өмірдің гүлі
Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
1-жүргізуші: (Айару)
Армысыздар ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Халықаралық әйелдер күніменен,
Құттықтаймыз аналарды осындағы.
2-жүргізуші: (Айша)
Құрметті: Ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және ару қыздар! Біз жыл мезгіліндегі ең тамаша шуақты мейрамдардың бірі 8- наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен құттықтай отырып,
«Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамызды бастаймыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Ер жеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым! әсем ән ортада Алмасқызы Жанельді «Мама» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Бойына бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Биші қыз ғажап еді биің қандай? –дей келе ортамызға мың бұралған биші қыздарымызды «Өзбек» биімен шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Айша қарашы маған ұлдар сыйлық сыйлады.
2-жүргізуші: (Айша)
Қойшы Айару сыйлық сыйлағанша одан да неге әзіл сыйламайды.
1-жүргізуші: (Айару)
Әрине олардың әзілі де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға «Қожаның достарын» шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Сенен өскен балалар.
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті жан аналар
1-жүргізуші: (Айару)
Ортаға ата-аналармен ойын ойнатуға Садықов Бейбарыс пен Мырзакелен Әлияны шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Әнші әнмен таңырқатар,
Күйші күймен таңырқатар.
Ал биші ше, бишілер де,
Мың бұралған билерімен
Барлық жұртты таң қалдырар- ортаға сыныбымыздың биші қыздарын «Қазақ» биіменен шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейік әр қадамды деп ортаға Аманжол Аяулымды «Ана» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші:(Айша)
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам- дей келе ортада Марат Аружан фортопианомен, аналарға арналған шығармасын орындайды.
1-жүргізуші:(Айару)
Мейірімің балқытып жүрегімді,
Құлпыртады қуаныш нұр өңімді.
Асыл анам! Айтқым кеп тұрады ылғи,
Мен өзіңе ең ізгі тілегімді- дей отырып ортаға Руслан Перизатты «Ана жаным» әніменен шақырамыз.
2-жүргізуші:(Айша)
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда «Вальс» биі.
2-жүргізуші:(Айша)
Қуаныштан нұр шашады жанарың
Мәз боласың мерекелік сөзіммен.
Шаттығыңды шаттығыма баладым,
Бақыт мәңгі бірге болсын өзіңмен!
1-жүргізуші: (Айару)
Хор: «Сенің анаң алтын» 3 «А» сынып оқушыларын ортамызға шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман.
2-жүргізуші:(Айша)
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
1-жүргізуші: (Айару)
Құрметті ата-аналар, арулар мерекелеріңіз құтты болсын.Осымен «Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!