«Аналар – асыл жандар» » Қазақстан ұстаздарына арналған
«Сымбат» жеке мектебі
«Аналар – асыл жандар» |
Мектепалды даярлық класының жетекшісі: Н.Ж.Оңайбаева
Ақтөбе қаласы, 2017 жыл
«Аналар – асыл жандар»
жүргізуші: Қымбатты әжелер, аналар, құрметті қонақтар!
8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағың аясындай гүл бақтың
Ғұмар: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды қуантып,
Ән маржанын шашайық
Мұхаммед: Бүгін наурыздың сегізі,
Әдемі сөз адамның,
Сұлулықтың негізі.
Анаға айтар лебізі.
Алан: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Жәңгір: Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың әрқашан.
Топтық би: «Миллион қыздар»
Дания: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Ару: Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Тамина: Менің әжем, ақ әжем
Ұлмен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Ән: «Анашым, қартамайшы жалынамын»
Ақбота: Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
Әмина: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Жания: Ана деген – мейірім,
Ана деген – шапағат.
Ана деген – құдірет,
Ана деген – махаббат.
Жүргізуші: Құрметті аналар! Бізде мына бүлдіршіндерге анамыз, бізді де дүниеге алып келіп осындай бақытқа жеткізіп отырған аналарымыз бар. Сол аналарымыздың құрметіне бәріміз бірдей рахмет айта отыра, басымызды иіп бірге «Ана туралы жыр» әнін хормен орындап өтейік.
Ата-аналармен караоке: «Ана туралы жыр»
Би: «Қуыршақ Барби»
Майра: Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.
Әсем: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым!
Ән: «Аяулы анашым»
Салика: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Жұлдыз: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де!,- дей отырып, балаларымыздың аналарымызға арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
- Ендігі кезекті аналарымызға береміз. (аналардың балаларға дайындаған сыйлықтарын табыстау)
Би: «Анаға алғыс биі»
Мұғалім: Наурыз күні ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Слайд – шоу көрсету. Ән: «Сенің анаң алтын, менің анам алтын».
Мұғалім: Арулар – әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау шуаңтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Аналар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Аналар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Аналар – асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасығандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Аналар – асыл жандар!, — дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жүздескенше аман болыңыздар. Мереке құтты болсын.