8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады? » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

1. Ыдыс-аяқ жинағы

Ыдыс-аяқ

Әрине, бұл сыйлықты сүйген қызыңызға беру ыңғайсыздау болар, алайда анаңыз бен жарыңыз үшін өте пайдалы болмақ. Ыдыс-аяқ таңдау кезінде оның назар аударарлық дизайнда болуын ескеріңіз. Ол ерекше таңданыс тудырады. Нәзік жандылар бір-бірінен бұл затты қайдан алғанын міндетті түрде сұрайды. Сол кезде сіздің сыйлық таңдаудағы тапқырлығыңыз таңданыс тудыратыны сөзсіз.

2. Орамал

Әсел Әділ Adili ұлттық орамалдар

“Орамал тон болмайды, жол болады” дейміз. Ендеше нәзік жандылардың қай-қайсысына болмасын орамал сыйлауға болады. Оны таңдау кезінде сыйлайтын адамыңыздың жас мөлшерін есіңізден шығармаңыз. Сондай-ақ, биылғы жылы сәнде болатын түстерден таңдаңыз. Бұл сіздің бірталай ізденгеніңізді, мерекеге салғырттық танытпағаныңызды айғақтай түспек.

3. Ұлттық нақыштағы киім

қазақша жилет

Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер сәнге айналып жатыр. Сол себепті анаңызға оюлы камзол, жарыңыз бен әпке-сіңілдеріңізге, қыздарыңызға да қазақы стильдегі көйлек, болмаса жилет алып беруге болады. Бұл сыйлық алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесінде де өз маңызын жоғалтпайды.

4. Фотомозайка

Фотомозайка

Қазіргі уақытта сәнге айналып жатқан сыйлықтың бірі – фотомозайка. Танымал сыйды алса, таңдаулыңыз таңданып әрі қуанып қалары сөзсіз. Олардың әртүрлі өлшемдері бар. Әлеуметік желілерден іздесеңіз, мозайка жасаушылардың бірнешеуін оңай тауып, тапсырыс беруге болады.

5. Қолдан жасалған сыйлық

Әрбір нәзік жанды өзіне арнайы жасалған сыйлықты ұнататынын айтқан болатынбыз. Егер сіз дайын затты сатып алмай, уақытыңызды бөліп, өз қолыңыздан сыйлық жасасаңыз, сүйіктіңізді қуанта аласыз. Мәселен, өз қолыңыздан фотокубик жасаңыз.