8 наурыз мерекесі көтерілістен соң пайда болған ба?

0

 

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен тығыз байланысты.

Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан. Олар 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу талаптарын қойды. Ол кезде әйелдер тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған.

 Копенгаген қаласында өткен 1910 жылғы Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді.

Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер  өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді.  1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.

Ал Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз 1965 жылдан бастап  күнтізбеде қызылмен белгіленді