Нұрлан Нығматулин өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді

0
380

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағанын мәлімдеді. Осыған орай арнайы қаулы шығарылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін», — делінген қаулыда.

59 жастағы Нұрлан Нығматулин екі рет мәжіліс төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ әр жылдары президент әкімшілігінің жетекшісі, Қарағанды облысының әкімі болды.